«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ заңды мекенжайы: 150000 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Жамбыл атындағы көшесі, 55 А, Е-mail:
«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Шал ақын ауданы ауданға бекітілген әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері (тұрақты жұмыс)
Біліктілік талаптары
«Психология» бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
Психологиялық-педагогикалық жұмыс өтілі - кемінде 5 жыл.
«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы құпталады.
Негізгі функционалдық міндеттері
Әдіскер:
- білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жұмыстың тиімділігін мониторингілеуді, талдауды және бағалауды жүргізеді;
- білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлықтың, жәбірлеудің (буллингтің), девиантты және өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жағдайын зерделейді;
- талдамалық есептер, анықтамалар, ұсынымдар және әдістемелік материалдар дайындайды;
- ППҚҚ мамандары үшін кеңестер, супервизиялар, интервизиялар және тәлімгерлік жүргізеді;
- семинарлар, тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жетілдіруге бағытталған профилактикалық бағдарламаларды, диагностикалық материалдарды, әдістемелік ұсынымдарды және жобаларды әзірлеуге қатысады;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған және есепке алудың әртүрлі түрлерінде тұрған балалармен жұмыс істейтін мамандардың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- кәмелетке толмағандарды ведомствоаралық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- статистикалық және талдамалық деректерді жинауды, талдауды және өңдеуді, сондай-ақ есептілікті дайындауды жүзеге асырады.
Кәсіби құзыреттер
Үміткердің мынадай білімі болуы керек:
- Қазақстан Республикасының білім беру және бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасы;
- жалпы, жас, әлеуметтік, медициналық және нейропсихология негіздері;
- психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика;
- психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи технологиялары;
- психологиялық жұмыстың тиімділігіне мониторинг, талдау және бағалау жүргізу әдістері;
- жанжалдарды шешу және тәуекел тобындағы балаларды сүйемелдеу технологиялары;
- әдістемелік құжаттаманы әзірлеу қағидаттары;
- психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына қойылатын нормативтік талаптар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
- Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 15 маусымнан бастап 23 маусымға дейін (7 жұмыс күні) жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға электрондық немесе қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат.
- Нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (бар болса).
- Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерi.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
- № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Маңызды: Конкурс өткізудің қолданыстағы ережелерінде көзделген құжаттардың кез келгенінің болмауы құжаттарды қараусыз кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.





