Тіліңізді таңдаңыз

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Психологиялық қолдау орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Күндізгі кеңес беру психологы (тұрақты жұмыс)

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ заңды мекенжайы: 150000 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

Жамбыл атындағы көшесі, 55 А, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Күндізгі кеңес беру психологы (тұрақты жұмыс)

Біліктілік талаптары

  • «Психология», «Әлеуметтік педагог» бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша растайтын құжат.
  • Психологиялық-педагогикалық жұмыс өтілі - кемінде 5 жыл.
  • «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы құпталады.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

  • білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге, педагогтерге психологиялық көмек көрсетеді;
  • эмоциялық әл-ауқат, бейімделу, тұлғааралық қатынастар, тәрбие және оқыту мәселелері бойынша жеке және топтық психологиялық кеңес беруді жүзеге асырады;
  • психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытындылар мен ұсынымдар жасайды;
  • түзету, дамыту және алдын алу сабақтарын ұйымдастырады және өткізеді;
  • дағдарысты жағдайларда кәмелетке толмағандарға және білім беру процесіне қатысушыларға шұғыл психологиялық көмек көрсетеді;
  • кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;
  • қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетеді;
  • ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтерге психологиялық-педагогикалық білім беруді жүзеге асырады;
  • сенім телефонының жұмысына және қашықтықтан кеңес берудің өзге де нысандарына қатысады;
  • кәмелетке толмағандарды сүйемелдеу мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарының мамандарымен өзара әрекет жасайды;
  • Орталықтың семинарларына, тренингтеріне, поственцияларына, интервизияларына, супервизияларына, конференцияларына және өзге де шараларына қатысады;
  • белгіленген жұмыс, есепті және талдамалық құжаттаманы жүргізеді;
  • кәсіби этика, құпиялылық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтайды;
  • кәсіби біліктілік пен кәсіби құзыреттілік деңгейін арттырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

- Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 02 қыркүйектен бастап 10 қыркүйекке дейін (7 жұмыс күні) жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттардың тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға электрондық немесе қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:

- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш.

- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат.

- Нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (бар болса).

- Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерi.

- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

- № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

- Наркологиялық ұйымнан анықтама.

- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

Маңызды: Конкурс өткізудің қолданыстағы ережелерінде көзделген құжаттардың кез келгенінің болмауы құжаттарды қараусыз кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.