«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ заңды мекенжайы: 150000 Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,
Жамбыл атындағы көшесі, 55 А, Е-mail:
«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері (тұрақты жұмыс)
Біліктілік талаптары
«Психология», «Әлеуметтік педагог» бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша растайтын құжат.
Психологиялық-педагогикалық жұмыс өтілі - кемінде 5 жыл.
«Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы құпталады.
Негізгі функционалдық міндеттері
Әдіскер:
- педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және ППҚҚ мамандарының қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- әдістемелік материалдарды әзірлейді, жүйелейді және таратады;
- статистикалық және талдамалық деректерді жинайды, талдайды және жинақтайды, есептер, анықтамалар мен ұсынымдар дайындайды;
- білім беру ұйымдарындағы ППҚҚ жұмысына мониторинг жүргізеді және зерделейді;
- мамандарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
- семинарлар, тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік, өзін-өзі бұзушы, девиантты мінез-құлықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарына қатысады;
- профилактикалық бағдарламаларды, диагностикалық материалдар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысады;
- білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және ведомствоаралық сүйемелдеудің басқа да субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- белгіленген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді, құпиялылық, педагогикалық әдеп, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды.
Кәсіби құзыреттер:
Кандидаттың келесі салалар бойынша білімі болуы тиіс:
- білім беру және бала құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
- жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік, медициналық, нейропсихология, патопсихология және психосоматика негіздері;
- дефектология, психотерапия, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, психодиагностика және консультация беру негіздері;
- белсенді оқыту және психологиялық тренинг әдістері;
- диагностиканың, түзетудің және сүйемелдеудің заманауи әдістері;
- МЖМБС және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің нормативтері;
- жанжалдарды шешу технологиялары;
- суицидтік тәуекел тобындағы балаларды сүйемелдеу негіздері;
- әдістемелік құжаттаманы әзірлеу қағидаттары;
- еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және санитариялық нормалар қағидалары;
- Психологиялық қолдау орталықтарының қызмет ерекшеліктері және ППҚҚ-мен өзара іс-қимыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
- Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 24 тамыздан бастап 01 қыркүйекке дейін (7 жұмыс күні) жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға электрондық немесе қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату қағидаларына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат.
- Нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (бар болса).
- Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлiм туралы құжаттардың көшiрмелерi.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
- № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
Маңызды: Конкурс өткізудің қолданыстағы ережелерінде көзделген құжаттардың кез келгенінің болмауы құжаттарды қараусыз кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.





